Тоқтар Мағзұмов | өмірбаяны

0

Тоқтар Мағзұмов 1958 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында туған. 

1975–1977 жылдары ауыл мектебінде жұмыс істеген. 

1982 жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару жүйесі факультетін тамамдаған. 

1982–1992 жж. Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасында, 1992–1997 жж. Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы, 1997–2001 жж. Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 

2007 жылдан бері Өскемен қалалық ауыл шаруашылық басқарма бастығы болып қызмет етеді. 

2003 жылы «Қыз суреті» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрген. «Байберді асуы» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағының авторы.