Тоқаш Бердияров | өмірбаяны
Тоқаш Бердияров (1925–1988) — 19 қазанда Оңтүстік Қазақстандағы Келес ауданында туған. Отан соғысына қатысқан.
1950 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында болды.
1958–1962 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеді.
1962 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы өлеңдері баспасөзде 1950 жылдан жариялана бастады. Тырнақалды өлеңдер жинағы – «Шалқар теңіз» 1952 жылы жарық көрді. Кейін «Мен өмір сүремін» (1965), «Бейбітшілік көшесі» (1960), «Тораңғы» (1965), «Оқ және гүл» (1967), «Дауылдан кейін тыныштық» (1970), «Көгілдір ымырт» (1972), «Бозторғай» (1973), «Күндер, күндер, күндерім» (1974), «Ескі паровоз» (1976), «Жаңа дала» (1979), «Сөнбейтін оттар» (1980), «Есіктің алды – көк терек» (1983), «Шынар» (1985), т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары, таңдамалылары басылды. Проза жанрында да қалам тартып, «Жастық кешуі» (1966), «Солдат сыры» (1968), «Фарида» (1978) атты әңгімелер мен повестер жинақтарын жариялады.