Толқын Қабылша | өмірбаяны

0

Толқын  Қабылша  Шахарбекқызы – ақын. 1980 жылдың  15-қаңтарында Алматы қаласында дүниге келген. Халықаралық  Жазушылар  Одағының  мүшесі.

 

«Шабыт» Халықаралық  Шығармашылық  Фестивалінің  жүлдегері.

 

«Жаныммен  жалғыз  кешкем  мұң», «Жаңбырдағы сағыныш»жыр жинақтарының авторы. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының  редакторы, журналист- тележүргізуші. Ұлт  руханияты мен   мемлекеттік тілді  насихаттауға  қосқан үлесі  үшін    ҚР  Мәдениет және  Ақпарат  министрлігінің «ҚҰРМЕТ» грамотасымен  марапатталған.

 

Республикалық «Үркер» әдеби  сыйлығының  поэзия  номинациясы бойынша  Гран-Прий  иегері. (2016) Мемлекет  басшысының «Көктем  шуағы-2017» Қазақстан  қыз-келіншектерімен  болған  салтанатты  кездесуінде  қазақ   ақындарының атынан  тіл  қатып, жыр  оқыған  қаламгер.

 

Тікелей  эфирде  жүретін  «Өмірдің  өзі»  әлеуметтік  ток-шоуы   арқылы  қоғамдағы  түйткілді   мәселелерді  қозғап, көрермен  жүрегіне   жол  тауып  жүрген  тележурналист.