Төлеген Рақымжанұлы | өмірбаяны

0

Төлеген Рақымжанұлы 1938 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Еңбек ауылында туған. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. 

1961 жылы Қатонқарағай ауданы, Оленье совхозындағы (қазіргі «Ақмарал») аралас тілді орталау мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқан. 1962 жылы Еңбек сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1972 жылы осы мектептің директоры, 1978–1985 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істеген. 1985 жылы қайтадан директорлыққа бекітіліп, 2000 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Ақынның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрады. 1999 жылы Алматыдан шыққан «Ағажай, Алтайдай жер қайда?!» жинағына көптеген өлеңдері енген. 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Туған жер, Сені жырлаймын», «Буырқанған бұқтырма» (2004), «Асылдарым» (2007), «Қаратай елінің ақындары» атты жинақтары жарық көрген.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Құрмет Грамотасымен, 2000 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.