Төле Әлібекұлы | өмірбаяны

0

(1663–1756 жж.)

Қазақ шешендік өнерінің тарихындағы ерекше тұлға Төле би Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Ел-жұртының тыныштығын көздеп, салиқалы саясат жүргізе білген көреген көсем туралы «Бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз бар. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға қатысып, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Қазақ хандығының тұтастығы жолында күрескен Төле би өз заманындағы зерделі де сауатты қайраткер болған. Оның әділдігіне, парасаттылы- ғына тәнті болған жұрты «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған.