Төкен Әлжантегі | өмірбаяны
Төкен Әлжантегі 1953 жылы 9 сәуірде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде туған. Еңбек жолын 1974 жылы Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінде жауапты шығарушы қызметінен бастап, кейіннен қалалық, облыстық газеттерде түрлі жұмыстар атқарған.
Алғашқы әңгімелер жинағы «Армысың, ару күн!» (1987), «Ашық сабақ» атты повестер мен әңгімелер кітабы (1991) «Жалын» баспасынан жарық көрген. 2000 жылы «Елорда» баспасынан «Қымқиғаш тіршілік» атты кітабы, 2002 жылы «Үш қиян» баспасынан «Аққараның арасы» жинағы, 2003 жылы «Жартастан жеткен жаңғырық», 2006 жылы «Сегіз сері», 2007 жылы «Сарбас ақын», «Тіріде тірнек таусылмас» атты кітаптары жарық көрген.
«Періштелер жерде ғұмыр кешпейді», «Күнәһар» пьесалары Қарағанды, Атырау, т.б. облыстық театрларда сахналанған.
1998 жылы «Жалғыздан қалған тұяқ» повесі үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлық берілді. «Қазақстан әдебиеті–2000» конкурсының проза саласы бойынша жеңімпазы. Бірнеше әндердің авторы.