Тобық Жармағамбетов | өмірбаяны

0
120

Тобық Жармағамбетов (1934–1973) – Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарқамыс кентінде туған.

1957 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген. Сосын өзінің туған поселкесінде орта мектепте мұғалім болған. Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында және өмірінің соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген.

Повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында қалам тартты.

Шығармалары: Нәзік бұлттар. А., «Жазушы», 1966; Екі жүрек. А., «Жазушы», 1968; Сентябрь түні. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Соңғы хат. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Ақ жауын. І томдық. А., «Жазушы», 1984.