Тілеубаев Сейілбек | өмірбаяны

0

Тілеубаев Сейілбек  (1921–1996)

19 қарашада Көкшетау облысы, Айыртау ауданындағы Қоскөл ауылында туған. 

1938 жылы Петропавлда техникум бітірген. 1940–1941 жж. мектепте бастауыш сыныптарға ұстаздық еткен. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1952 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірді. Алматы қаласындағы №18 мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі, 1956 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтының орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы болған.

З.Шашкиннің «Тоқаш Бокин», «Теміртау» романдарын, Ж.Тілековтың «Жоңғар даласында» романын, «Шалғай шепте» повесін орыс тіліне аударысқан. Сондай-ақ А.Гайдардың, И.Вадовтың, И.Василенконың бірқатар шығармасын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бірнеше медальдармен марапатталған.