Тілеген Шопашев | өмірбаяны
Тілеген Шопашев (1923–1978)
Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған.
1934–1936 жж. Шиелі балалар үйінде тәрбиеленген. 1940 жылдан бастап жұмысқа араласқан. Артель басқармасының хатшысы, байланыс бөлімінің меңгерушісі, ауыл кеңесінің хатшысы болған.
1942–1945 жж. Кеңес Армиясы қатарында болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Соғыстан соң Шиелі аудандық радио комитетінде, аудандық газетте жауапты хатшы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, облыстық «Ленин жолы» газетінде тілші болған. Содан кейін Қызылорда облыстық партия комитетінде істеген. Сырдария аудандық («Коммунизм туы») газетінің редакторы, 1958–1964 жж. «Жазушы» баспасында редактор қызметін атқарған.
Шығармалары: Жаңбыр. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1957; Өмірге сапар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Жүрек әмірімен. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Кейбіреу. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; Туған жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Бәйтерек. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Көңіл көктемі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Сұлутөбе. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976.