Теңізбай Рахымжанов | өмірбаяны

0

Теңізбай Рахымжанов 1946 жылы 9 сәуірде қазіргі Қарағанды облысы, Ағадыр ауданы, Успенка қалашығында туған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1969–1971 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер. 1971–

 1981 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер. Филология ғылымының докторы (1993), профессор (1994). 1981 жылдан Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде оқытушы.

«Қазіргі қазақ романының поэтикасы», «Романның көркемдік әлемі» мақалаларының, «Халық қазынасы», «Қаһарман мен оқиға», «Қазіргі қазақ әдебиетінің бағдарламасы» атты ғылыми еңбектердің авторы. В.Антоновтың «Туған күн» өлеңдер жинағын, А.Чеховтың, Ю.Казановтың, Дж.Голсуорсидің, т.б. жазушылардың шығармаларын қазақшалаған.


Шығармалары: Күн тамшысы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. Монография. А., «Ғылым», 1982; Алтын керуен. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Оралу. Әңгімелер. А., «Жалын», 1982; Туысқандар. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1984; Көгілдір тырналар. Повесть, әңгімелер. А., «Жазушы», 1988.