Тельман Жанұзақов | өмірбаяны
Тельман Жанұзақов (1935–1978) — Алматы облысы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылында туған.
1957 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Журналистік қызметпен студент кезінен (1956 жылдан) айналысқан. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1967–1971 жж. «Правда» газетінің Қазақ КСР бойынша меншікті тілшісі, 1972–1974 жж. «Ара»–«Шмель» сатира журналының Бас редакторы болған.
1974–1978 жж. «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, Қазақстан Кинематографистер одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерінде болған. Ол баспасөз бетінде публицист әрі очеркист ретінде танылды. Мұнымен қатар әдеби көркем аудармамен де шұғылданды.
Қалалық және аудандық кеңестерге бірнеше рет депутат болып сайланған.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Олимпийский факел. Очерк. (К.Ахметовпен бірге) А.,»Қазақстан», 1970; Ради жизни на земле. Очерктер. А.,»Қазақстан», 1974; Азамат. Очерктер. А., «Жалын», 1980;
Аудармалары: Ф.Дюрренмат. Сот пен жендет. Повесть. А.,»Жазушы», 1973; С.Санбаев. Ақ аруана. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1976; А.Толстой. Инженер Гариннің гиперболоиды. Роман. А., «Жазушы», 1975.