Татьяна Фроловская | өмірбаяны
Татьяна Фроловская 1943 жылы Алматы қаласында туған.
1967 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, университеттің баспа бөлімінде істеген, орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық еткен.
Алғашқы өлеңдері 1962 жылы «Ленинская смена» газетінде жарияланған. Тұңғыш жеке жинағы «Жалын» баспасынан 1977 жылы шыққан. М.Хакімжанованың, К.Әзірбаевтың, Қ.Мырза Әлидің, Ф.Оңғарсынованың жырларын аударған. Мерзімді баспасөзде Б.Пастернак шығармашылығы, қазақ ақын-жазушылары жайлы жазған сын мақалалары жарияланды.
Шығармалары: Дни календаря. Стихи. А., «Жалын», 1977; Зимнее воскресенье. Стихи. А., «Жазушы», 1982.