Танабай Нарманов | өмірбаяны

0
77

Ақын Танабай Нарманов Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 1953 жылдың жазында дүние есігін ашты. Өлеңді жастайынан жанына серік еткен ол өз замандастары арасында ерте танылды. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқып жүрген кезінде оның жырлары республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жалын» басылымдарында жиі жарияланып тұрды. Ол өлеңнен өлеңге өсу, марқаю үстінде болды. Қысқа лирикалық туындылардан бастап, ірі күрделі тақырыптарға қалам тартып, эпикалық жанр шығармаларына құлаш ұра бастаған кезі еді…

Алайда ақын ғұмыры жауқазындай ерте гүлдеп, ерте үзілді. Бірақ өлең-жырлары оның өмірін жалғастырып келеді. Артында қалған мұрасы «Жалын» (1996), «Ана тілі» (2001), «Өркениет» (2004) баспаларынан кітап болып шықты.