Табылды Досымов | өмірбаяны

0

Табылды Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Индербор кентінде дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Ш.Уәли­ханов атындағы орта мектепті бітірген.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне тамамда­ған. 1983-1985 жылдар арасында Германия жерінде әскери борышын өтеп, оқуын қайта жалғастырған сәтте, 1986 жылғы қаһарлы Желтоқсан көтерілісіне қатынасу­шы ретінде оқудан шығарылған. Сол кезеңде туған жерге оралып, аудандық мәдениет үйінде әдіскер, №5 жылжымалы клуб меңгерушісі болып жұмыс жасаған. 1988-1990 жылдары қайтадан университеттегі оқуын жалғастырып, журналист мамандығын алып шығады. 1990 жылғы 8 тамыздан Гурьев облыстық теле-радио комитетінде редактор, 1992 жылы Атырау облыстық филармониясында «Желтоқсан жебесі» атты жас дарын­дар тобының жетекшісі, әншісі, 1990-1993 жылдары Индер аудандық тіл басқармасының бас маманы, 1996-1999 жылдары Атырау облыстық мәдениет басқармасы­ның Индер ауданы Махамбет атындағы қордың дирек­торы қызметін, 2000 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып жұмыс жасады. Талантты бард-әнші 2010 жылы 18 қа­зан күні 46 жасқа қараған шағында өмірден озды.