Сыдық Алдабергенов | өмірбаяны
Сыдық Алдабергенов 10 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы «Ортақшыл» ұжымшарында туған. Орта білімді Қызылорда қаласында алған.
1942 жылы «Дос қарызы» атты алғашқы әңгімесі жарияланды. Сырдария және Жаңақорған аудандық газеттерінде редактор болып бірнеше жыл қызмет істеген.
1953 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы республикалық партия мектебін бітіргеннен кейін баспасөзде жауапты қызметтер атқарған: Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің жауапты хатшысы, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болды.
Шығармалары: Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954; Алға. Повесть және әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Ар алдында. Повесть А., ҚМКӘБ, 1963; Қанат ұшқанда қатаяды. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Өмірге жолдама. А., «Жазушы», 1966; Асу. Роман. А., «Жазушы», 1969; Жаңару. Роман. А., «Жазушы», 1975; Мезгілсіз күз. Роман. А., «Жалын», 1978; Жаңа жағалау. Роман. А., «Жазушы», 1983.