Сүндет Каримов | өмірбаяны
Сүндет Смаханұлы Каримов 1986 жылы 7 мамырда дүниеге келген. 2003-2008 жылдар аралығында М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетде «Табиғи және химиялық талшықтар өндірісінің технологиясы мен жабдықтары» мамандығында оқып үздік дипломмен бітірген. Инженер-механик-технолог.
2007 жылғы Президенттік стипендияның иегері.
2008-2010 жылдары Road text LTD «Ихан» мақта тазалау зауытының сльесарі, технологі, механигі, зауыттың бас механигі.
«Талшықты материалдарды ірі қиқым-қоқыстардан тазалау процесін зерттеу және жетілдіру» тақырыбы бойынша, 05.02.13-«Жеңіл өнеркәсіп машиналары, агрегаттар және процестер» мамандығына сәйкес техника ғылымдарының кандидаты ғылыми диссертациясын қорғаған еліміздегі ең жас, 23 жасында кеңестік жүйемен қорғаған ең соңғы ғалым.
2011 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің білімін жетілдіру орталығында арнайы ғылыми тағылымдамадан өткен.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінде қызметтер атқарған.
Өзінің ғылыми мектебі бойынша 1-ғылым кандидатының, 1-PhD докторының, 12-магистрдің ғылыми жетекшісі болған.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны: шитті-мақта талшығы құрамындағы ірі қиқым-қоқыстарды тазалау, шитті-мақта талшығын алғашқы өңдеу машиналарының механизмдері мен теориясы, шитті-мақтаны тазалау процессінің динамикалық моделі, тоқыма өндірісі және тағы басқаларды зерттеуге арналған.
Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің сонымен қатар Қазақстан Республикасы технолгиялық даму бойынша ұлттық агенттігі жариялаған ғылыми жобаның авторы.
Ғылыми жоба:
1. «Шитті-мақта талшығын ірі қиқым қоқыстардан тазалайтын машина». (2013-2015 жж. орындалған).
Ғылым жолындағы еңбектерінің нәтижесі – еліміздің ең жас ғалымы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.
Ғылым саласында 50-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 2-оқу құралының, 2-монографияның, 3-шығармашылық кітаптардың, бірнеше авторлық куәліктің, Еуразиялық, өнертабыстық, инновациялық патенттердің, үш өндіріске енгізілген ғылыми жаңалықтардың авторы.
Томсон Рейтерстің мәліметтер базасында Америка, Англя, Германия, Жапония мемлекеттерінде 12-импакт-фактор ғылыми мақаласы жарыққа шаққан. Қазіргі таңда үш импакт-фактор мақаласы жариялануға жіберілген.
Оқу құралы:
1. «Тоқыма өндірісінің материалтануы»,-Жоғары оқу орндарының студенттеріне арналған. – Астана: Полиграфист баспасы., 2012 ж. 290 бет.,
2. «Конструкциялық материалдар технологиясы»,-Жоғары оқу орндарының студенттеріне арналған.– Астана: Полиграфист баспасы., 2014 ж. 190 бет..
Монография:
1. «Шитті-мақта талшығын алғашқы өңдеу әдістерін жетілдіру»,-Астана: типография Полиграфист баспасы., 2013 ж. 120 бет.,
2. «Энергосберегающие автомобили»,-Астана: типография Полиграфист., 2015г. 220 стр..
Шығармашылық кітаптар:
1. «Арпалысқан дүние»,-Астана: Полиграфист баспасы., 2012 ж. 178 бет.,
2. «Өткен күннің белгісі»,-Астана: Полиграфист баспасы., 2013 ж. 104 бет.,
3. «Қылыштың жүзінен де өткір өмір»,-Астана: Полиграфист баспасы.. 2014 ж. 206 бет..
Патенттер:
1. «Шитті-мақтаны ірі қиқым-қоқыстан тазалауға арналған қондырғы». ҚР Инновациялық патенті № 25956.-29.06.2012 ж.
2. «Шитті-мақтаны ірі қиқым-қоқыстан тазалауға арналған қондырғы». ҚР Инновациялық патенті № 26473.-31.11.2012 ж.
3. «Талшықты материалдарды тазалау». ҚР Өнертабысқа патенті №28267.-19.02.2014 ж.
4. «Талшықты материалдарды тазалау». ҚР Автордың куәлігі №81941.- 18.01.2014 ж.
5. «Очиститель волокнистого материала». Евразийский патент №023739.-29.07.2016 г.
Ғылыми еңбектер:
(Томсон Рейтерстің мәліметтер базасында 4-импакт-фактор мақала).
1. Sundet S. Каrimov, Muhamed S. Baltabaev, Аuez К. Baidabekov, Оrazaly K. Kanlybayev, Marfuga О. Satkalieva. «On research of falling coordinates of raw-cotton mass on the surface of the lower heap». Textile Research Journal. Impact Factor: 1.599 29/07/2015. ISSN: 0040-5175. OCLC: 6456954. Year: 20. Language: ENGLISH
2. Sundet S. Каrimov, Muhamed S. Baltabaev, Аuez К. Baidabekov, Оrazaly K. Kanlybayev, Marfuga О. Satkalieva. «On research of the motion parameters of raw-cotton mass in the drying cylinder». Textile Research Journal. Impact Factor: 1.599 29/07/2015. ISSN: 0040-5175. OCLC: 6456954. Year: 20. Language: ENGLISH.
3. Sabit D. Baubekov, Kunsulu S. Taukebayeva, Sundet S. Каrimov, Аuez К. Baidabekov, Оrazaly K. Kanlybayev. «The study of self-parts in automated contouring». Textile Research Journal. Impact Factor: 1.599 29/07/2015. ISSN: 0040-5175. OCLC: 6456954. Year: 20. Language: ENGLISH.
4. Sundet S. Каrimov. «Study of strenght opportunities for automatic machines counter machining details». Textile Research Journal. Impact Factor: 1.599 29/07/2015. ISSN: 0040-5175. OCLC: 6456954. Year: 20. Language: ENGLISH.
Өндіріске енгізілген ғылыми жаңалықтары:
Қортынды: Талшықтың табиғи ұзындық қалпын сақтай отырып түрлі қоқыстарды оңай тазалауға, Т-тәрізді резинадан жасалған саптама талшыққа байланған әр түрлі мөлшердегі қиқым-қоқыстардың тиімді тазалануына мүмкіндік береді.
Комиссия шешімі: Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде жасалған Т-тәрізді резинадан жасалған саптаманы колокты барабанға орнатып талшыққа байланған түрлі қоқыстарды ажырату шитті-мақтаны алғашқы өңдеу өндірісінде, технико-экономикалық жағынан үлкен тиімділікке қол жеткізеді. Шитті-мақтаны тазалау өндірісінде жаңадан жасалған құрылғымен түрлі қиқым-қоқыстарды тазалаудың жылдық экономикалық тиімділігі шамамен бір зауыт үшін 9 500 000 теңгені құрайды.
Шитті-мақтаның табиғи қалпын сақтау үшін, сапасын жақсарту үшін және талшықты тазалағыш машиналардың еңбек тиімділігін арттыру үшін, Т-тәрізді резинадан жасалған саптама «Хлопкопром Целлюлоза» мақта тазалау зауытындағы УХК, КХК, СЧ, РХ, ЧХ-3М2 шитті-мақтаны тазалағыш машиналарына орнатылған.
Қортынды: Тазалағыш колосникті тор жұмысына ұсынылған телескопты стержені бар жылжымалы серіппе, шитті-мақтаны сапалы тазалауға мүмкіндік береді, тазалағыш машиналардың өзге бөлшектерін ірі қиқым-қоқыстардың әсерінен зақымдалмауын қамтамасыз етеді. Шитті- мақтаның табиғи қалпының толық сақталуына жағдай жасайды.
Комиссия шешімі: Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде жасалған телескопты стержені бар жылжымалы серіппені, тазалағыш колосникті тор құрылымына орнату, мақтаны алғашқы тазалау өндірісінде, технико-экономикалық жағынан үлкен тиімділікке қол жеткізеді. Өндірісте жаңадан жасалған құрылғымен шитті-мақта арасындағы қиқым-қоқысты тазалаудың жылдық экономикалық тиімділігі бір зауыт үшін шамамен 13 000 000 теңгені құрайды.
Шитті-мақтаның табиғи қалпын сақтау үшін, сапасын жақсарту үшін және талшықты тазалағыш машиналардың еңбек тиімділігін арттыру үшін, телескопты стержені бар жылжымалы серіппе мен қозғалмалы колосникті тор құрылғысы «Road text LTD» мақта тазалау зауытындағы РХ, ЧХ-3М2 және «Мехнат» шитті-мақтаны тазалағыш машиналарына орнатылған.
Еліміздің бұқаралық-ақпарат құралдарында, интернет беттерінде ғылым, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі туралы ой пікірлері қамтылған. Республикалық бірнеше қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша жазған қомақты пікірлері мен мақалалары бар. Олар:
1. «Еліміздің ең жас қариы». Астана ақшамы газеті., 8-бет. №90 (2851) Сейсенбі 14 тамыз 2012 жыл.
2. «Даму негізі – инновациялық ғылым». Егемен Қазақстан газеті., 6-бет. №89 (26452) 9 мамыр 2014 жыл.
3. «Өмір ұстанымдары антологиясы». Рухани қазына газеті., 7-бет. №5 (180) мамыр 2014 жыл.
4. «Қазақтың батыр баласы». Рухани қазына газеті., 6-бет. №4 (190) сәуір 2015 жыл.
5. «Жеңіл өнеркәсіпке жеңіл қарауға болмайды». Егемен Қазақстан газеті., 5-бет. Бейсембі, №17 (28745) 28 қаңтар 2016 жыл.
6. «Математика майталматы». Егемен Қазақстан газеті., 8-бет. Сенбі, №72 (28800) 14 сәуір 2016 жыл.
Марапаттары:
2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» медалімен марапатталған.
2013 жылы Астана қаласында өткен «Денсаулық зор байлық» конкурсында 2-ші орын жүлдегері.
2013 жылы М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ 70 жылдық медалімен марапатталған.
2013 жылы «Қожаберген жырау» 350 жылдық медалімен марапатталған.
2013 жылы Астана қаласында өткен «Денсаулық зор байлық» конкурсында 3-ші орын жүлдегері.
2014 жылы «Ер Жәнібек» 350 жылдық медалімен марапатталған.
2015 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының 20 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.
2016 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 20 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.
2016 жылы Ресей Федерациясы Ғылым академиясы жариялаған «Механика және машина жасау» ғылыми конкурсында «Талшықты материалдарды тазалау» ғылыми-зерттеулері бойынша бас жүлдесін жеңіп алып, КСРО ҒА академигі В.И. Блиников атындағы алтын медальмен марапатталған.
Құрмет грамотасы
1. Ғылым және білім саласындағы белсенді еңбегі үшін марапатталады. Астана 11 сәуір 2014 жыл.
Алғыс хат
1. Факультет дәстүрлеріне сенімділігі үшін. «Спорт денсаулық кепілі». Астана, Сәуір 2015 жыл.
Сертификат
1. «Жас ғалымдардың Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы рөлі» атты форумының жұмысына қатысқаны үшін берілген. Астана, 11 мамыр 2012 жыл.
2. «Ресей мен Қазақстанның университеттік білім беру жүйелері: ортақ белгілері мен ерекшеліктері, мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстелге, «Қазіргі университеттік білім: жалпы әлемдік үрдістері мен ұлттық ерекшеліктері» атты халықаралық конференцияға қатысқаны үшін берілген. Астана, 28-29 мамыр 2013 жыл.
3. «Тастанды сәбилер тағдыры: өркениет һәм әлеуметтік апат» I Республикалық ғылыми практикалық конференцияға қатысқаны үшін берілген. Астана, 19 сәуір 2013 жыл.
4. «Presentation Skills Workshop». Astana, held on September 9-27, 2013.
5. «Наноматериалы: физика наноферроиков». Астана, 3-30 октября 2013 г.
6. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамның және мамандардың біліктілігін арттырудың курсын өткені туралы. Астана, 19-21 қараша 2013 жыл.
7. «Methods of teaching inventive activity and creative thinking on the example of the Republic of Korea» «Hope Project, Astana-2014» workshop program on 27-29 october, 2014.
8. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамның және мамандардың біліктілігін арттырудың курсын өткені туралы. Астана, 01-03 қазан 2015 жыл.
9. Принимала участие в работе научно-практической конференции «Современные проблемы урологии, санаторно-курортного лечения и реабилитации больных в системе охраны здоровья населения». 25 марта 2016 г. г. Ессентуки.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.