Сұлтанбек Құдайберген | өмірбаяны
Сұлтанбек Құдайберген 1978 жылы Маңғыстау ауданының Қосбұлақ ауылында туған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалінің лауреаты, «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Сүйінғара батырдың 250 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы.
«Бану-көктем» (Алматы, 2007) жыр жинағының, «Қыдырша деген ауылдан…» тарихи-танымдық кітабының (Алматы, 2008), Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының репертуарындағы «Перзентхана» драмасының, оннан астам ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы. «Біссіміллә – сөз басы», «Менің атым – Ұзақбай» жыр жинақтарын құрастырушы. «Каспий – достық теңізі» фестивалінің сценарийін жазды. Орыс ақындары Н.Туроверов пен А.Ачаирдің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.