Сұлтан Жанболатов | өмірбаяны

0
156

Сұлтан Жанболат 1936 жыл 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасында туған. Шыңжаң университетін (1956) және Жилин (Гирин) университетін (1961) бітірген.

1961–1983 жж. Шыңжаң университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1983–1986 жж. редактордың орынбасары, 1986–1996 жж. ШҰАР оқуағарту комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

1993 жылдан ШҰАРдағы ғылыми орталықтардың жетекшісі. Қаламгердің әр салалар бойынша жазылған 100ге тарта мақалалары мен еңбектері жарық көрді.

«Қас сақтар» атты тарихи танымдық кітаптың, «Елжау Күнби» романының авторы. Осы романы үшін Қытай Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

«С.Жанболатов – мақалалары» (1998), «С.Жанболатовтың очерктері, микроәңгімелері, өлеңдер топтамасы» (1995), «Саншора күнби» (1998) атты кітаптары жарық көрген.

Шығармалары мерзімдік баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрады