Сүйеніш Қомшабай | өмірбаяны

0

Суйеніш Қомшабай 1937 жылы 14 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының «Жаңа талап» кеңшарында дүниеге келген. 

1959 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Қызылорда облыстық радиосында бастап, ұзақ жыл облыстық газетте қызмет істеген. 1983 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы кеңесшісі, 1996–2008 жж. филиалдың директоры болды. 

Тұңғыш жыр топтамасы республикалық баспасөзде 1959 жылы жарияланды. «Тереңдегі ағыстар» (1985), «Сап-сап көңілім» (1988), «Сая таппай, сай таппай (1993), «Гөй-гөй» (1996), «Һәм жабықтым, һәм қамықтым» (2002) жыр жинақтары жарық көрген. Газет-журналдарда «Ғашық едім қайтейін», «Дүние бір қисық жол» әңгіме, повестері шықты. «Кемпір-шалдың кенжесі», «Сен де жалғыз, мен де жалғыз», «Әлі бойдақпысың?» пьесалары Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында қойылған.

 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.