Стефан Цвейг | өмірбаяны

0

Стефан Цвейг (нем. Stefan Zweig — Штефан Цвайг;  28 қарашасында дүниеге келген — 1942 жылдың 22 ақпанында дүниеден өткен) — австриялық жазушы, сыншы, көптеген новеллалар мен беллетристік биографиялардың авторы. Әлем әдебиетінде ерекше орын алатын жазушы.

Стефан, Вена қаласында  тоқыма мануфактурасы иегері ауқатты еврей саудагері Морица Цвейгтің жанұясында дүниеге келген. 1900 жылы Цвейг гимназияда білім алып, Вена универитетінде оқуын жалғастырады. Оқу барысында жас қаламгер алғаш рет «Күміс қыл» атты өлең жинағын шығарады. Университетті үздік көрсеткішпен бітіре сала, 1905-1912 жылдары ол дүние жүзін аралауға аттанады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарын Цвейг Щвейцарияда өткізеді. Сонымен қатар, оның Ромен Роллан туралы очеркі «Еуропа Инабаты» атымен дүниежүзіне әйгілі болады.

Эмиль Верхарн, Ромен Роллан, Франс Мазерель, Огюст Роден, Томас Манн, 3игмунд Фрейд, Джеймс Джойс, Герман Гессе, Герберт Уэллс, Поль Валери, Максим Горький, Рихард Штраус, Бертольд Брехт атақты адамдармен дос болған.

Бұл шығармалар оқырманды көркем сюжетпен, драматизммен, адам табиғатын дәл суреттеумен таңқалдыруда.

Өмірінің соңғы жылдары, Цвейг 20 ғасырдың ортасындағы саяси өзгерістерге куә болады. Еуропада болып жатқан саяси жағдайды жақтырмай, Стефан Цвейг алдымен Лондонға, одан кейін Америкаға көшуге мәжбүр болады. Атақты жазушының заман өзгерісі туралы ойлары «Кешегі Әлем» атты мемуар-кітабында жарық көреді. Жазушы уақыт өте келе, Цвейг өзін жат заманның, жат елдің адамы ретнде сезіне бастайды. Қайғы-мұңға толған жазушы 22 ақпанда көз жұмады.

Мұра 2006 жылы Бразилияда оның атына Casa Stefan Zweig деген қайырымдылық қоры ашылады. Әрине, Стефан Цвейгтің ең басты жетістігі — болашаққа арналған, баға жетпейтін алтын қазына — оның шығармалары.