Смағұл Бақытбек | өмірбаяны

0
127

Смағұл Бақытбек – 1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1975-1978 жж. – Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген.

1979-1981 жж. Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылғы қаңтардан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”. II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. “Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі – Дневник командира” еңбегін басып шығарған.