Шырын Құрманбаева өмірбаяны

0
129

Шырын Асылханқызы Құрманбаева 1958 жылы 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. ҚазМУ-дың тарих факультетін (1980, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ заң академиясын (2000) бітірген. Тарихшы, саясаттану ғылымның докторы (2003), профессоры (2006). Ресей саясаттану академиясының толық мүшесі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004).

Семей малдәрігерлік институтында ассистент (1980–1982), Семей ет және сүт өнеркәсібі технол. институтында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент (1982–1998), Қазақ заң академиясы Семей бөлімшесінің (1998–2000) және Семей заң институтының (2000–2003) директоры, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры (2003–2007), Семей университетінің президенті (2007–2009) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан Қазақ гуманитарлық-инновациялық заң университетінің ректоры. «Қазақстандағы саяси жүйесі трансформациясының барысында сайлау технологиясының дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.