ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ | өмірбаяны
(1807— 1867 жж.)
Қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге кел- ген. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі шағын дәулетті, еті тірі ел ағасы болған. Шернияз ақын жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Кіші жүз қазақтарының Иса- тай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған.