Шекербек Садықанұлы | өмірбаяны

0
377

Шекербек Садықанұлы 1936 жылы 23 желтоқсанда Жамбыл облысы, Меркі ауданының Қостоғай ауылында дүниеге келген. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының Ұ.Бағаев атындағы сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.

Луговой темір жолы бекетінде жұмысшы, Жамбыл облыстық «Ақжол», Меркі аудандық «Меркі таңы», Алматы облыстық «Жетісу» газеттерінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен. Алматы облысы, Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінде бас редактор болды. Қазір зейнеткер.

«Тәуіп пен дәрігер» атты тұңғыш поэмасы «Жас Алаш» («Лениншіл жас») газетінде 1958 жылы жарық көрген. Алғаш айтыскер ақын ретінде танылған. Айтыс өлеңдері «Ақындар шықты айтысқа» (1958), «Айтыс» жинағының үшінші (1960) кітабында жарияланған.


«Әкем менің» (1975), «Мұрат» (1978), «Алтын шақпақ» (1980), «Найзағай жарқылдары» (1982), «Аманжолдың ерлігі» (1985) атты жыр жинақтары жарық көрген. Соңғы жылдары «Жайна, жасыл дүние», «Дүние дәурен» және «Аққу арман» жинақтары оқырман қолына тиді.