Шаңбай Қасенұлы | өмірбаяны
Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл 1959 жылы ҚХР Шоғантоғай ауылында туған. Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты (1993).
Семей педагогикалық институтын бітірген (1984). 1984-1990 жылдары Алматы қаласында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
1988-1990 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.
1994-2003 жылдары «Қазақ энциклопедиясының» әдебиеттану, өнер және тіл білімі редакциясының меңгерушісі болды. Қазір «Шәкәрімтану» орталығының директоры, Семей мемлекеттік педагогика институты қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, әдебиет теориясы проблемаларына және Шәкәрім, А. Байтұрсынов, Мүхтар Әуезов шығармашылығына арналған.
Соңғы жылдары Шәкәрім шығармашылығына қатысты жинақтарды құрастырып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын кешенді түрде зерттеуге атсалысуда.