Шәміл Мұхамеджанов | өмірбаяны

0

Шәміл Мұхамеджанов — 1931 жылдың 16 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында туған.

1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

«Жұлдыз» журналында, көп жыл бойы «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында 1959 жылы басылды. Бүдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жи-нақтары, балаларға арналған кітапшалары дүниеге келді. Аударма саласында М.Лермонтовтың, Я.Райнестің, Л.Украинканың, Т. Шевченконың, Р.Ғамзатовтың, Я.Смеляковтің, т.б. шығармаларын тәржімалауға қатысты. Ш. Мұхамеджанов 1980 жылы дүниеден озды.

 

 

Шығармалары:

«Ана құшағы». Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960;

«Қашалақ». Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1962;

«Ақ жалын». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964;

«Туысқан». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966;

«Көңіл-ашар». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;

«Күн төбе де тұрғанда». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;

«Назқоңыр». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;

«Арқа сүйер – тірегім». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976;

«Ақ желең». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978;

«Дәуір даусы». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979;

«Жас қанат». Поэмалар. А., «Жазушы», 1980;

«Шабытты шақ». Өлеңдер мен поэ-малар. А., «Жазушы», 1981.