ШАЛГИІЗ ТІЛЕНШЕҰЛЫ | өмірбаяны
(1465–1560 жж.)
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы Шалгиіз жырау ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Өз заманының ең жетік суырып салма ақыны болған қадірменді жыраудың ғиб- ратнамалық шешен сөздері мен жырларынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы делінеді. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ оның сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. Жыраудың ой-толғаныстарында ел билейтін басшының қауым, әлеумет өміріндегі орнына да өзіндік баға берілген. Шалгиіз елдің бірлігі мен ынтымағын аңсаған ақын. Оның шығармалары орыс тіліне де аударылған.