Шәкәрім Жарқын | өмірбаяны

0

Жарқын Жақияұлы Шәкәрім 1973 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны бітірген.

1973 – 76 ж. Мәскеудегі Бүкіл – одақтық «Мелодия» фирмасының күйтабаққа  (граммпластика) жазу студиясында аға редактор; 1976 – 80 ж. «Жалын» баспасында редактор; 1980 – 82 ж. Республикалық музыка аспаптары мұражайының тұңғыш директоры қызметтерін атқарған.

Ж. Шәкәрім – 8 кітаптың авторы: «Әміре» (1977), «Ән жұлдызы» (1978), «Әміре Қашаубаев» (1980, орыс тілінде), «Малайсары биден Шәмілге дейін» (1997), «Ән асқары» (1998), « Тас кескен тағылымы» (2001, Б. Айтқазинмен бірлесіп жазған), «Нұрғиса Тілендиев» (2003, Д. Тіледікелінімен бірлесіп жазған), «Әміре Қашаубайұлы» (2006).

1974 ж. Мәскеудегі КСРО Мемлекеттік Орталық мұрағатынан Фонографика жазылған қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың орындауында «Ағаш аяқ», «Смет», «Бесқарагер», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Балхадиша, «Дудар — ай», әндерінің үнтаспасын тауып, 1975 ж. күйтаспағын жарыққа шығарады.

1974 ж. Санкт – Перербургте сақталған академик Ахмет Жұбанов орындаған 9 күйді де алғаш тауып, баспасөзде жариялады.  

Ж. Шәкәрім үш ішекті домбырада орындауында көптеген халық күйлері және өзінің бірнеше күйлері бар – « Таскескен», «Абыралыдағы ата зары», «Дүние — кезек», «Темір — Шерткен», «Құртқа тәуіп» және т.б.

1980 ж. «Сазген» фольклолық ансамблін ұйымдастырады.





1997 ж.қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесі үшін Ж. Шәкәрімге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.





2007 ж. Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен көп жылдық шығармашылық еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.





Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы мәслихатының шешімімен 2007 ж. «Үржар ауданының құрметті азаматы» атағын алды.