Шәймерденов Сафуан | өмірбаяны
Болашаққа жол атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін Инеш деген атпен орыс тіліне аударылды. Өмір нұры атты повестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанаға багындырылған алты повесть — Мезгіл, Қарғаш, Өмір нұры, Ит ашуы, Мәжнүн тал кіреді. Олар шетел тілдеріне әлденеше рет аударылған.
Қайдасын, Зарина?, Қыр гүлі, Әнім сен едің, Марғау, Төрт бойдақ, бір қыз, Өкіл әке, Түйе көтерген, Аруана дүние пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасында қойылып келеді.
Үнді жазушысы Р. Тагордың Күйреу, Гәуірмақан романдары мен Алтын сағым деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л. Толстойдың Альберт повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың Трибуналын, француз композиторы Эрве мен драматург А.Мильяждың Түлкі бикеш комедиясын аударған.
Жыл құсы повесі 1974 жылы ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағының жұмысшы тақырыбына арналған конкурсында жүлделі орынға ие болды. Ал Р.Тагордың Күйеу романының аудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, Ағалардың алақаны, Әдеби толқындар атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды.
Отан, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталды. Қызылжар (Петропавл) қаласының құрметті азаматы.