Серікбол Қондыбай | өмірбаяны

0

Серікбол Қондыбай Әділбекұлы (1968-2004) аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған ғалым. «Қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның ірге тасын қалаған ерекше дарын иесі шалғайдағы Шетпе кентінде он жылға жуық төсекке таңылып жатып, ғылыми ортаны елең еткізер оннан астам кітап жазды.

Ғалымның «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Есен -Қазақ», «Эстетика ландшафтов Мангистау» сынды тың идеялы еңбектері және төрт кітаптан тұратын «Арғы қазақ мифологиясы» атты кешенді, іргелі зерттеуі қазақ қоғамтану ғылымындағы соны қадам, үлкен үлес.