Сергей Мартьянов | өмірбаяны
1949 жылы Ужгородта «Апалы-сіңлілер» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы шықты. Бес жылдан кейін «Бірде, шекарада» деген повесі жарық көрді. Бұл повесть төрт рет қайта басылды.
1953 жылдан Алматыда тұрып, жұмыс істеді.
1958 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы «Елуінші паралель» деген әңгімелер жинағын шығарды. Осы жылы С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын орыс тіліне аударды.
1956–1958 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. «Шекарада бәріміз де сақшымыз», «Эдельвейс гүлдейтін жерде» сценарийлері бойынша көркем фильмдер түсірілді.
1965 жылы «Шекара хикаялары» деген атпен шығармаларының 1 томдығы «Жазушы» баспасынан шықты. «Дозоры слушают тишину» атты әңгіме-повестер кітабы 1978 жылы жарық көрді. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «КСРО Мемлекеттік шекарасын күзетуде үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.