Сейсенбек Ахметов | өмірбаяны

0

Сейсенбек Ахметов (1922–1994) — 26 желтоқсанда Қазақ теміржолының Лепсі стансасы маңында Көкжиде деген жерде туған. Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1938–1941 жж. Қапал педучилищесінде оқиды. Ұлы Отан соғысынан мүгедек болып елге оралған ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Оны бітірген соң, Талдықорған облыстық газетінің жауапты хатшысы, сосын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы Қазақстан баспаларында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға бақылаушы редактор болды. Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын, жұмыс істей жүріп Мәскеу полиграфия институтының редакторлық бөлімін бітірген. Негізгі шығармашылық саласы – көркем аударма. 

Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. «Баспасөз үздігі», ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған.

Аудармалары: Ай, қап! А., Монография. ҚМБ, 1954; М. Әуезовтің көркем аудармадағы шеберлігі. Зерттеу. А., «Мектеп», 1976; А., Волошин. Кузнец жері. Роман. А., ҚМКӘБ, 1951; А. С. Макаренко. Ұстаздық дастан. Роман. А., ҚМКӘБ, 1956; Л.Соболев. Теңіз жаны. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1957; А. Толстой. Никитаның балалық шағы. ҚМКӘБ, 1958; Арсеньев. Тайга тамашалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; С. Солобейчик. Ыждаһатты оқу. Роман. А., «Мектеп», 1976; Е. Ильина. Сапар. Повесть. А., «Мектеп», 1978; И. Чобону. Өткелдер. Кукоара. Романдилогия. А., «Жазушы», 1979–1982; З. Посмыш. Жолаушы келіншек. Повесть. А., «Жазушы», 1985.