Сейілғазы Әбдікәрімов | өмірбаяны

0

Сейілғазы Әбдікәрімов (1949-2016) 1949 жылы 1 қарашада Шығыс Түркістан автономиялық ауданының (ҚХР) Тарбағатай аймағына қарасты Шағантоғай ауылында дүниеге келген. 

1962 жылы ата жұрты Қазақстанға қоныс аударады. 

1977 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық коллегиясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, Қазақ телевизиясында комментатор, т.б. қызмет атқарған.

 

«Аға сержант» атты екі бөлімді драманың, «Үрейлі күндер», «Көпекөрнеу», «Мазасыз түн», «Қанды қарымта» пьсалары мен «Беу, Қатираай» деген бір актілі комедияның авторы. «Көзбекөз» (1979), «Тастүлек» (1990), «Белес, белес, белестер» (1993) және «Өнер мұраты» (Е. Төлегеновпен бірігіп) жинақтарының, «Қазақ өнерінің ақ ордасында» (1997), «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» (1997), «Төбеде жалбыр бұлт көшіп», «Ақиқатқа куә болар Ай, Күн бар» кітаптарының, «Ғибратты ғұмыр» сериясы бойынша шыққан «Әмина» деректі повесінің (2006) авторы. «Ар» атты радиопьесасы Қазақ радиосының Алтын қорына енген.

 

«Қазақ өнері антологиясының» он томдық жобасының авторы әрі құрастырушысы. «Әйелімнің күйеуі» атты әңгімесі 1996 жылы ЮНЕСКОның «Әлем әдебиеті» альманахында ағылшын тілінде жарық көрген. 

 

1994 жылы Қазақстан Журналистер одағының Кәкімжан Қазыбаев атындағы сыйлығын алған. Қазақстан Кинематографистер одағының бірнеше рет лауреаты атанған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет қайраткері белгісімен марпатталған.