Сейілбек Исаев | өмірбаяны

0

Сейілбек Исаев (1938-1999) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ресейде туған. Омбы педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1962-1988 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, деканы, кафедра меңгерушісі.

1988-1989 жылдары — Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.

1989 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болған. Ғалым тіл білімінің, жалпы түркітану саласының дамуына елеулі үлес қосқан. Қазақ әдеби тілінің қалыптасып дамуын, тіл тарихымен қатар қазақ тілі грамматикасының теориялық мәселелерін зерттеп, іргелі ғылыми жобаларды іске асырған.

Сонымен қатар ол 1966 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» мен 1967 жылы шыққан екі томдық «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» авторларының бірі. Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған.