Сейдахмет Бердікұлов | өмірбаяны

0
57

Сейдахмет Бердікұлов (1933–1994) – 9 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында дүниеге келген.

1956 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.

1965–1970 жж. «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970–1986 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986–1994 жж. «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды.

Ол – қазақ спорты жанрының негізін қалаған журналист. 1960 жылдан бастап әдебикөркем шығармалар жазумен айналысқан. Орыс тілінде «Острый клинок» жинағы жарық көрді. Бірталай туындылары туысқан халықтар тіліне аударылды.

«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Сол орамал жоғалмайды. А., «Жазушы», 1965; Жүрек ұйықтауды білмейді. А., «Жазушы», 1967; Егеулі найза. А., «Жазушы», 1969; Жұмыр жерде теңбіл доп. А., «Жазушы», 1969; Аспаннан шұға жауған күн. А., «Жазушы», 1975; Мұңайып оянған қала. А., «Жазушы», 1979; №3 подъезд. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1980; Пердесіз көңіл. А., «Жазушы», 1983; Арбаған мені бір сиқыр. А., «Жалын», 1987; Таңдамалы. Екі томдық. А., «Жазушы», 1991.