Савутжан Маматқұлов | өмірбаяны

0

Савутжан Маматқұлов  (Надири) — (1940–2006) 27 ақпанда Алматы облысы, Панфилов ауданының Надек ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1968). «Коммунизм туғи» (қазіргі «Ұйғыр авази») газетінде тілші, бөлім бастығы, одан кейін «Арзу» журналында редактор болып істеген. 

1994–1998 жж. Қазақстан Жазушылар одағы ұйғыр жазушылары бірлестігінің төрағасы, 1994 жылдан «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты. Абай, А.Пушкин, Н.Некрасов, Ш.Айтматов, Р.Гамзатов, О.Сүлейменов, М.Жәлел, А.Арипов, С.Иманасов, Е.Раушанов, т.б. шығармаларын, В.Шекспирдің «Король Лир» драмасын ұйғыр тіліне аударған. 

Шығармалары: Жастық жыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Ағады Өсек өзені. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Өзімді іздеймін. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Ізгілік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1986; Мейір. Өлеңдер.А., «Жазушы», 1990; Мен және Некрасовтың жеті мужигі. Поэма. А., «Жазушы», 1995.