Сауық Жақанова | өмірбаяны

0

Қазақ радиосының сандуғашы атанған Сауық Жақан Мәсіғұтқызы, 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. Қазақ. Әкесі — Жақанов Мәсіғұт, марқұм. Анасы — Жақанова Зайра, марқұм. 

 

 

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары — Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері — Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері — әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. 

 

 

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). Діни көзқарасы — ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Гүлденген Қазақстанның келешегіне сенемін»

 

 

Тұрмыс құрған. Жұбайы — Қомбаров Мәрлен, экономист. Ұлдары — Қомбаров Саян (1972 жылы туған), Қомбаров Ерлік (1981 жылы туған).