Сәуле Ержанова | өмірбаяны
Ержанова Сәуле Баймырзақызы (22.08.1972 ж.т., ОҚО, Бәйдібек ауд., Алғабас аул.) – филол. ғыл. докт., (2010), профессор (2012), ХАА мүшесі, академик.
1994 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын үздік бітірген. 1994-1996 ж. Арқалық педагогикалық институтының оқытушысы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ ізденушісі, 1997-1999 жж «Рауан» баспасында бөлім редакторы. 1999-2001ж. «Дарын» ӘГИ аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент (2003 ж), 2004-2006 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында аға ғылыми қызметкер, 2010 жылдан Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ержанова Сәуле Баймырзақызы – жоғарғы оқу орындарында әдебиеттану ғылымының көкейтесті мәселелерімен айналысып жүрген теоретик-ғалым. Әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы — сөз өнері әрі ғылым ретіндегі оның ерекшелігіне сүйене отырып, халқымыздың көркем тарихымен сабақтастыра отырып, білім мазмұнын жаңарту, теорияны тәжірибемен ұштастыруды көздеу — ғалымның басты қағидасы.
Негізгі ғыл. бағыты – қазіргі қазақ поэзиясы. 2009 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» атты тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 100 ден аса ғылыми мақалалары бар, оның кейбірі жоғары рейтингтегі халықаралық Импакт-факторлы-Tomson Reuters, Scopus журналдарында жарияланған. Қазіргі кезде 2 монография, 2 оқу құралы, 5 көмекші оқу құралының, 2 мультимедиялық-электрондыоқу құралдарының авторы. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін берілген «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2011) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2012).