Сәуле Досжанова | өмірбаяны

0

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызы 1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысының Ұйғыр ауданының Ақтам ауылында туған.

1974 жылдан бастап аудандық және облыстық «Жетісу» газеттеріне өлеңдері мен мақалалары жарық көре бастаған.

Ақтам орта мектебін үздік бітірген.

1987 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін,

2006 жылы Орталық – Азия Университетінің заң факультетін бітірген.

Университет қабырғасында оқып жүргенде жас ақындардың «Аудитория», «Тоғыз перне», «Қарлығаш» жыр жинақтарына еніп, «Жігер» фестивалінде лауреат болып республикаға танылған.

«Социалистік Қазақстан(Егемен Қазақстан)» газеті мен Қазақ радиосында қызмет істеді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» газеті журналы Бас редакторының орынбасары, «Ұлағат» журналының тұңғыш редакторы болды.

2003-2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында жауапты қызмет атқарған.

Бүгінде зейнетте, таза шығармашылықпен айналысады.

МАРАПАТТАРЫ:

2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына Қазақстан Журналистер Одағының «Әнуар Байжанбаев атындағы сыйлықтың лауреаты» атанған.

2002 жылы ҚР Парламенті мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп өткізген «Ел қорғаны» бәйгесінің Бас жүлдесін алды.

2006 жылы «ҚР Парламентінің 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2009 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» медалімен марапатталды.

2010 жылы «Нұр Отан» ХДП «Елім деп соққан жүрегім» республикалық байқауында поэзия жанрынан Бас бәйге алған.

2011 жылы «Тәуелсіздікке тарту» атты Республикалық жыр мүшайрасында үшінші орын иемденген.

2011 жылы туған жері – Алматы облысының «Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы» атанды.

 

2013 ж. Астананың 15 жылдығына арналған «Жайна, жаса Астана» жыр мүшайрасында екінші жүлдені иемденген.

 

2014 жылы «Әскери әндер» радиофестивалінде «Сарбаздар маршы» әнімен жүлдегер болды.

 

2015 жылы «Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.

 

2015 жылы Елбасы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

 

2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

 

2016 ж. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК.ӘДЕБИЕТ.ҚАЛАМГЕР» форумында

«Үздік ақын» номинациясы бойынша жеңімпаз танылды.

 

2017 ж. «Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017» (Швеция) «Мое чужое сердце» кітабы проза жанрынан үшінші орын иеленді.

2018 ж. Астананың 20 жылдығына арналған «Ел тірегі – Елорда» жыр мүшайрасында бірінші жүлдені иемденген.

 

Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі

 

Шығармашылығы:

2000 ж. «Жыр тәж» (поэзия)/ «Атамұра» баспасы;

2006 ж. «Үшінші есіктің құпиясы» (проза)/ «Қазақпарат»баспасы;

2008 ж. «Жатқа туған бала» (проза)/ «Фолиант» баспасы;

2011 ж. «Арман қала»/ (поэзия) «Қазығұрт» баспасы;

2013 ж. «Үлкен үйдегі үрей» (проза)/ «Жазушы» баспасы;

2014 ж. «Құдіретті қалам иесі»(проза)/«Фолиант» баспасы;

2015 ж. «Менің жалғыз серігім» (поэзия)/ «Дәстүр» баспасы;

2015 ж. «Өгей жүрек» (проза) /«Фолиант» баспасы;

2016 ж. «Мое чужое сердце» (проза)орыс тілінде /«Фолиант» баспасы;

2017 ж. «Сағыныш» (проза) «Hertfordshire Press» баспасы Лондон

 

«Маймақ қаз» мультфильмі мен 20 шақты әндер текстінің авторы.