Саттар Ерубаев | өмірбаяны
Ерубаев Саттар (1914–1937) — Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан жетіжылдық мектебін бітіріп, сонда аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарихфилософиялингвистика институтын бітірген.
1933 жылы «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің арнайы шақыртқан телеграммасымен елге оралды. Алдымен «Ленинская смена», кейіннен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Мұнымен қатар Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасында ассистент болып, лекция оқыды. Біраз уақыт «Лениншіл жас», «Қарағанды пролетариаты» газеттерінде жауапты редактордың орынбасары болған. Өзінің болашақ романы – «Менің құрдастарымның» материалын осы кезеңде сол жердегі өмірден жинақтаған. Қазақстан кеңес жазушылары одағының І съезіне делегат боп қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі.
1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалды. Бірақ меңдеп кеткен ауруы оның оқуына еркіндік бермеді. Сөйтіп, қайтадан Алматыға келіп, ҚазПИдің қазақ әдебиеті кафедрасына доцент боп орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан дәріс оқыды. Осы кезде «Менің құрдастарымды» жазып жүрді. Толық аяқтап үлгермегенмен, «Менің құрдастарым» романымен, көркем әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, суреттемеочерк, мақалалары арқылы – публицист, өлеңжыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы ақын ретінде ол туған әдебиеті тарихынан өз орнын алған.
1966 жылы «Менің құрдастарым» романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Түркістан қаласында С.Ерубаев мұражайы жұмыс істейді.
Шығармалары: Менің құрдастарым. Роман. Новеллалар. Балладалар мен өлеңжырлар. Публицистика. Сатиралық суреттемелер мен пародиялар. Сын мақалалар. Естеліктер, түсіндірмелер. А., «Жалын», 1979.