Сәрсенбі Дәуітов | өмірбаяны
Сәрсенбі Дәуітов (1947 жылы туған, ҚХР, Шығыс Түркістан, Шыңжаң өлкесі, Шын Пэн Зи қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2001). ҚазҰПУ-ды бітірген (1970). 1970 — 1971 ж. Қазақ телерадио комитетінің редакторы, 1972 — 1973 ж. Талдықорған облыстық (казіргі Алматы облысы) «Октябрь туы» (казіргі «Жерұйық») газетінде, 1973 — 1974 ж. Фрунзе қалалық ішкі істер бөлімінде, «Лениншіл жас» (казіргі «Жас Алаш»), 1974 — 1975 ж. «Социалист Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде қызмет аткарған. 1975 — 1998 ж. Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми кызметкер, аға ғылыми кызметкер. Т.Рысқұлов атындағы Басқару академиясында, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында жұмыс істеген. 2002 жылдан Д.А. Қонаев атындағы университеттің профессоры. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыбаға» деген атпен 1978 ж. жарыққа шықты. Дәуітов сондай-ақ «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «ХІХғ-дағы қазақ ақындары» (1988) зерттеу кітаптарын жазып шығаруға қатысты. Дәуітовтің алғы сөзімен және құрастыруымен қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің екі томдык таңдамалы шығармалар жинағы алғаш рет жарық көрді (1990; 1991). Дәуітовтың құрастыруымен «Төле би» (1993), Қ.А. Йасауидің «Диуани хикмет» (1993, М. Жармұхамедұлымен бірге), «Абылай хан» (1993), «Тезек төре» (1996) және т.б. ғылыми-танымдық жинақтар басылып шықты. Дәуітов аударма саласында қырғыз ақыны С.Меймұловтың «Әуен» атты кітабын қазақ тіліне аударған. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.