Сапарғали Ләмбекұлы | өмірбаяны

0

Сапарғали Ләмбекұлы 1936 жылы 5 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылында (қазіргі Талды ауданына қарайды) туған. Мектеп бітірген соң аудандық газет редакциясына қызметке тұрады. ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. 

Еңбек ардагері, КСРО Баспасөз үздігі, Қазақстан Журналистер одағының Кәкімжан Қазыбаев атындағы сыйлығының иегері. Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

 

Ол көптеген өлең, бірнеше поэма, прозалық және драмалық шығармалардың авторы.

Шығармалары: Қарқаралы саздары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Қыр қырандары. Очерктер. А., «Жазушы», 1970; Тайталас. Роман. А., «Жазушы», 1980; Атакәсіп. Роман. А., «Жазушы», 1983; Саржайлау сазы. Повестер. А., «Жалын», 1984; Әке жолы. Роман. А., «Жазушы», 1984; Еділбай. А., «Жалын», 1986; Тәттімбет. Роман. А., «Өнер», 1993; Арыстар. Дилогия. Астана. «Елорда», 2000–2004; Тағдырмен тартыс. Ғұмырнамалық хикаят. Қарағанды. «Арко», 2001; Туған елдің түтіні. Публицистика. 2003; Сырперне. Өлеңдер жинағы. 2004; Қатты қабат. А., «Алаш», 2006; Алапай мен талапай. Роман. Астана. «Фолиант», 2008; Жоғалған шопан. Астана. «Фолиант», 2008.