Сапар Байжанов | өмірбаяны

0

 

Сапар Байжанов(1930–1999) — 19 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1952). 

 

 

1950–1958 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеді. 

 

 

1958–1965 жж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, Бас редактор, 1965–1973 жж. Қазақстан КП ОК аппаратында жауапты қызметте, 1973–1983 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1983–1994 жж. ҚР Бас Мұрағат басқармасының бастығы болған. Филология ғылымының кандидаты (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Ол жайында «Өмірге өкпесі жоқ адам» атты естеліктер жинағы шыққан (2000).

 

 

Шығармалары: Замандас туралы толғау. А., 1973; Архивайғақ. А., 1988; Абай және архив. А., 1995; Қажыға барған қазақтар (Қ.Исабаевпен бірігіп жазған). А., «Ана тілі», 1996; Алакөбеде оят мені. Роман. «Жазушы», 2000.