Сансызбай Сарғасқаев | өмірбаяны

0

Сансызбай Сарғасқаев (1925–1995) 29 сәуірде Жамбыл облысының Красногор селосында туған.





Аудандық «Красногоршы» газетінің жауапты хатшысы, редакторы, Красногор ауаткомында жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. Балаларға арнап көптеген повестер мен әңгімелер жазды. Ол дүниелері кезінде оқырмандарының жылы ілтипатына бөленді.

Шығармалары: Достар.

Повестер мен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1953; Бір отрядта. Повестер, әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Сәуленің жаңа достары. Достар. Повестер мен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Ақиқат. Әңгіме, повестер. А., ҚМКӘБ, 1963; Көңілді балалар. Повестер. А., «Жазушы», 1966; Бір көшенің балалары. А., «Жазушы», 1970; Биіктен биікке. Повесть, әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Тәмпіш танау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1974; Алғашқы асулар. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Ұстаз. Роман. А., «Жазушы», 1979; Сұлутөр. Роман. А., «Жазушы», 1983.