Сайлаухан Нәкенов | өмірбаяны
1940 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Өркендеу ауылында туған. 1963 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін аяқтаған.
Әр жылдарда Өркендеу ауылында мектеп директоры, «Советтік Қарағанды» газетінде әдеби қызметкер, «Жаңа-Арқа», «Новая степь» газеттерінде бөлім бастығы, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде меншікті тілші, әдеби қызметкер, «Жезқазған туы» газетінде мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақ радиосының Жезқазған облысы бойынша меншікті тілшісі, «Жезқазған туы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет істеген.
1977 жылы «Жазушы» баспасынан «Құдіретті қолдар», 2000 жылы «Жұмақтың жолы» жыр жинақтары жарық көрген.
«Жезқазғанға – 50 жыл» күміс медалінің (2004) иегері, КСРО Журналистер Одағының Құрмет грамотасымен, Қазақ ССР телевизиялық және радиохабары жөніндегі Мемлекеттік комитетінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Журналистер одағының, Халық депутаттары облыстық Кеңесінің, Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.