Сайлаубек Жұмабек | өмірбаяны
Әдебиет сыншысы, жазушы Сайлаубек Естайұлы Жұмабек 1946 жылдың 12 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген.
1970 жылы ҚазМУ-дың филологиялық факультетін, М.Әуезов атындындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1973). 1974 – 79 жылдары Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде сценарий бөлімінің аға редакторы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналында бас редактор болды. 1996 – 2004 жылдары Қазақстан жазушылар одағының аға референті – әдеби кеңесшісі. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі.
«Сын пернесі» (1989), «Ғабит Мүсірепов» (1989), «Жұлдызы нұрлы суреткер» (1993), «Қазығұрт перзенті» (1998), «Сын әуені» (2001), «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер» (2002), «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы» (2003) атты кітаптардың авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (1999), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.