Сайлаубай Тойлыбаев | өмірбаяны

0

Сайлаубай Тойлыбаев 1951 жылы 8 мамырда Алматы облысы, Талдықорған ауданына қарасты «Жетісу» колхозында туған. 

Қарабұлақ мал бордақылау совхозында спорт жөніндегі инструктор болып жұмыс істеген. 1977 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

 

Әр жылдарда «Қайнар» баспасында редактор, «Кітап жаршысы» газетінде аға редактор, «Қазақмұнайөнімдері» концерн төрағасының көмекшісі, «Мұнайаспап» Акционерлік Қоғамында көмекші, Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігінде аударма бөлімінің бастығы, Алматы қалалық жұмыспен қамсыздандыру басқармасында аудармашы, Халықаралық «Дала» журналы Бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарған. Қазір Қазақ радиосында «Руханият» редакциясының Бас редакторы.

1983 жылы жарық көрген «Жыл он екі ай», «Қарлығаш» жинақтарына өлеңдері енген. Бірнеше мүшәйралардың жүлдегері. 

Көптеген ән текстерінің авторы. «Біздің Талғат» атты балаларға арналған кітаптың авторы. «Үркер ауып барады» өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.