Сағынгерей Байменов | өмірбаяны
Сағынгерей (Сағын Герей) Байменов1947 жылы 15 ақпанда Астрахань жерінде туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған, 1975 жылы Мәскеу полиграфиялық институтының редакциялық баспа факультетін тамамдаған. Мектепте математика пәнінің мұғалімі, аудандық баспасөзде әдеби қызметкер, Батыс Сібірде, Закавказьеде әскери тілші, Қарағанды телевидениесінде редактор, Қырғызстан мен Қазақстандағы облыстық және республикалық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. Облыстық және республикалық басқармаларда жауапты қызметкер, халықаралық тақырыптар жөніндегі дәріскер, аудармашы, «Қазақстан» мен «Наука» баспаларында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, Қазақстан Республикасы «Ғылым» баспасының директоры болды. Қазіргі кезде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылым» ғылыми баспа орталығының Бас редакторы.
«Время собирать камни» («Жалын», 1986), «Я думал о тебе» («Жазушы», 1988), «Исповедь кентавра» («Ғылым», 1994), «Сезам» («Ғылым», 1999) жыр жинақтарының авторы. Қазақ тілінен орыс тіліне көркем аударма жасаумен айналысады. Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондентмүшесі.