Сағат Әбдуғалиев | өмірбаяны

0

Сағат Әбдуғалиев Мұхтарұлы 1948 жылы 22 ақпанда қазіргі Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. 

Алғашқы өлеңдері аудандық «Ленин жолы» газетінде 1963 жылы жарияланды. Кейін облыстық «Орал өңірі», республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Жалын» альманағында басылды. 

Оның 1980 жылы «Құлыншақ көктем», 1992 жылы «Көзайым келешек» атты жыр жинақтары жарық көрді. 

«Арыс» қорының тапсырысымен Т. Досымов Сағат Әбдуғалиевтің барынша толық жырлар жинағын құрастырып, 2008 жылы Алматы қаласы, «Арыс» баспасынан «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» деген атпен жарық көрді. 1984 жылы 5 сәуірде Тайпақ ауылындағы қорымда жерленген.