Сағадат Сәлімбаев | өмірбаяны

0

Сағадат Сәлімбаев 1935 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында дүниеге келген. 

1959 жылы Талғар қаласындағы ауыл және орман шаруашылығы техникумын, 1965 жылы ауыл шаруашылығы институтының механика факультетін бітірген. 

Туған жері Ақбастау ауылында орналасқан мал бордақылау трактор бригадасы бригадирінің көмекшісі, бригадирі, механик, Қаскелең ауданындағы «Дружба» кеңшары машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі, Чапаев атындағы кеңшардың бас инженері, Есік қаласында жеңіл машина жөндеу мекемесінің, тігін фабрикасының бастығы болған.

1993 жылы алғашқы «Араша» атты хикаятына он екі әңгімесі қосылып, «Жазушы» баспасынан жинақ болып шыққан. «Арпалыс» (1997), «Батырлар ұрпағы» (1998), «Дара тұлға Дәркембай» (1999), «Ұстаздар тебіренісі» (2001), «Жағаластар жарасымы» (2002), «Қарт қадірі неде?» (2003), «Қайдан келіп, қайда барамыз?» (2004), «Қапшағай қаласына – 35 жыл» (2005), «Сәттілік пен сәтсіздік» (2007) атты кітаптары жарық көрген. 

«Жеңіске 60 жыл», «Украинаны азат еткені үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» медальдарымен марапатталған. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.